Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№28 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны педагогтердің бос және уақытша бос лауазымдарына конкурс жариялайды
Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№28 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны педагогтердің бос және уақытша бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
Бос лауазымдар:
• Математика пәні мұғалімі (қазақ және орыс сыныптарда) – 1.5 бірлік;
• Педагог- психолог (қазақ және орыс сыныптарда және уақытша бос орын) – 1 бірлік.
Құжаттарды қабылдау
Құрметті конкурсқа қатысушылар!
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электрондық форматта hr-nobd.iac.kz платформасы арқылы қабылданады. Платформада техникалық ақаулар туындаған жағдайда ғана құжаттар қағаз нұсқасында қабылданады.
Мекенжай: Астана қаласы, А. Петров көшесі, 8, «№28 мектеп-лицей», қабылдау бөлімі (501–504 кабинет).
Байланыс телефоны: 8 707 183 00 89 – Айым Қалмұханқызы (іс жүргізуші).
Конкурс өткізу мерзімі: 2026 жылғы 22 қазан мен 3 қараша аралығы.
Жұмыс уақыты: 09:00–18:00.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды белгіленген мерзімде электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады.
Ұсынылатын құжаттар:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (3-қосымшаға сәйкес);
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
3. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы (болған жағдайда);
4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
6. 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылыстар бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
9. Сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санаты туралы куәлік (болған жағдайда);
10. Ағылшын тілі мұғалімдері үшін тиісті сертификаттар (қажет болған жағдайда);
11. Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (12 және 13-қосымшаларға сәйкес);
12. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан берілген ұсынымхат.
Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың кез келгені ұсынылмаған жағдайда кандидаттың құжаттары қаралмайды және кері қайтарылады.
Мұғалімнің функционалдық міндеттері:
• білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу;
• оқу процесін тиімді ұйымдастыру және сабақтарды жоспарлау;
• білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау;
• оқу-педагогикалық құжаттаманы жүргізу;
• ата-аналармен және әріптестермен ынтымақтастықта жұмыс істеу;
• педагогтік әдеп қағидаларын сақтау;
• білім алушылардың жеке қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;
• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау.
Біліктілік талаптары:
• жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім;
• педагогикалық жұмыс тәжірибесі (қажет болған жағдайда);
• Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білу;
• ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру;
• жауапкершілік, тәртіптілік және коммуникабельділік;
• жоғары оқу орнын жаңадан тәмамдаған кандидаттар үшін педагогтердің білімін бағалау (ПББ) сертификатының болуы.