Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:

12 мамыр күні мектебімізде терроризмге қарсы қорғаныс жаттығулары сәтті өткізілді.

Оларға оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлер қатысты. Шара барысында бірқатар маңызды мәселелер пысықталды. Атап айтқанда, мектеп ұжымына, оның ішінде күзет қызметкеріне, әр адамның іс-әрекеті мен міндеттерін нақтылау, мектеп оқушыларына таныстыру және қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялауды ұйымдастыру, техникалық құралдардың – дабыл батырмасы, турникеттер және бейнекамералардың жұмысы тексерілді. Бейнекамералар мен дабыл батырмасы арқылы қауіп белгісі берілген кезде ұйым мүшелерінің орындайтын әрекеті түсіндірілді.
Аталған жаттығулар техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаумен қатар, қауіп төнген жағдайда оқушыларға, мұғалімдерге және қызметкерлерге қалай жедел әрекет ету керектігін түсіндіруге бағытталды.