Заманауи технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының кітап оқу құзіреттілігін қалыптастыру»семинар-практикум өткізілді.
27 наурыз 2024 жылы № 28 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Заманауи технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының кітап оқу құзіреттілігін қалыптастыру»семинар-практикум өткізілді.
Семинардың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының кітап оқу құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған әдіс тәсілдерін меңгеру мақсатында бастауыш мұғалімдерінің тәжірибе алмасуы.
Өткізіліп отырған іс-шарамыз оқу құзыреттілігін айқындауға үлес қосты, мұғалімдердің теориялық, практикалық білімдерін ұштастырып, терең ойластыруға, кәсіби дауына, бастауыш сынып оқушыларының жетістігіне және заманауи технологияларды тиімді қолдануға ықпалын тигізді.
Келген қонақтарға арнап № 28 мектеп-лицейінің оқушалары атынан концерт ұйымдастырылды.
Алғы сөз мектеп директоры Кусаинова Айгуль Жексенбаевнаға берілді. Ол кісі жақсы тілегін білдіріп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы сөз алды. Мектеп әкімшілігіне жылы лебізін білдіріп, қатысушыларға өз тілегін айтты.
Семинарға таңдалып алынған тақырыптың өзектілігіне жеке тоқталып қала мектеп мұғалімдерінің тәжірибе алмасуының маңыздылығын атап өтті.
Кейін семинарға қатысушылар екі секцияға бөлініп мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысты. № 28 мектеп-лицейінің мұғалімдері ашық сабақтар мен мастер-класстар әзірлеген. Бастауыш сынып оқушыларының оқу құзыреттілігін көтеру үшін әдіс-тәсілдер көрсетті.
Қонақтарға жемісті әрі жан-жақты семинар- практикум бағдарламасы қатты ұнады. Мастер-кластарға және берілген сабақтарға өте жоғары баға берілді.
Жұмысты қорыныдылау барысында осындай іс-шара өткізгендеріне алғыстарын білдіріп, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.