Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК №28 мектеп-лицей педагогтардың бос лауазымдарына конкурс жариялайды

  • Бастауыш сынып мұғалімі (орыс сыныптарда) – 1 бірлік;
  • Бастауыш сынып мұғалімі (қазақ сыныптарда) – 1 бірлік;
  • Музыка пәні мұғалімі (орыс және қазақ сыныптарда) – 1 бірлік;
  • Тарих пәні мұғалімі (орыс сыныптарда) – 1 бірлік;
  • Педагог- ассистент (орыс сыныптарда) – 3 бірлік;
  • Педагог- ассистент (қазақ сыныптарда) – 2 бірлік.

   Құжаттарды қабылдау: chkola28_69@mail.ru почтасына (pdf форматта), қағаз жүзінде Астана қаласы, А. Петров көшесі 8,  «№28 мектеп-лицей», қабылдау бөлімі (501-504)

Конкурсқа құжат қабылдау: 2024 жылғы 27 тамыз – 05 қыркүйек аралығында өткізіледі;

Жұмыс кестесі: 09:00-18.00

Үзіліс уақыты: 13:00-14:00

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік

2) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

3) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері

4) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)

6) Ағылшын тілі мұғалімдері лауазымына орналасуға үміткерлер үшін пән бойынша 90% шекті деңгейдегі ҰБТ сертификаты немесе мұғалім-модератордың немесе мұғалім-сарапшының, немесе мұғалім-зерттеушінің немесе мұғалім-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 ұпай; немесе TOEFL (TOEFL) (Internet Based Test (IWT)) — 60-65 ұпай;

7) Наркологиялық ұйымнан анықтама

8) Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)

9) Білімге, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейге қатысты қосымша ақпарат (біліктілікті арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

10) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген)

11) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

12) Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)

13) Сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы талап

Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

      Міндеттері:

1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

2) еңбек тәртібін сақтауға;

3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

7) келтірілген нұқсанды ҚРЕК және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.

       Біліктілік талаптары:

  1. Біліктілік санатының болуы, егер жас маман болған жағдайда педагог- тағылымдамашы санатының болуы;
  2. Жоғары педагогикалық білім;
  3. Әртүрлі сертификаттардың болуы, өзінің қызмет сипатына сәйкес кәсіби жарыстарға қатысуы, өзіне және балаларға арналған семинарларға, олимпиадаларға және жарыстарға қатысуға дайындығы;
  4. Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, көпшілдік.