🌱 «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі 🌱
Мектебіміздің түлектері игі бастамаға атсалысып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. «Түлектердің ағаш егуі» қамқор жобасы аясында мектеп аумағында ағаштар отырғызылды.
Бұл – тек ағаш егу ғана емес, болашаққа жасалған маңызды қадам. Әр отырғызылған ағаш – туған мектепке деген құрмет пен қамқорлықтың белгісі 🌿
