Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:
Тәрбие жұмысы

Мектебімізде «Балалар әдебиеті — рухани тәрбие бастауы» тақырыбында балалар кітапханасы онкүндігіне орай ұйымдастырылған «Өлең- сөздің патшасы» атты Мұқағали Мақатаев өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: -оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру;

-Мұқағали Мақатаев өлеңдері арқылы рухани, адамгершілік құндылықтарын дәріптеу;
-оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Сайысқа 5-6 сынып оқушылары қатысты. Озық өнер көрсетіп, көркем поэзияның мағынасын терең түсініп, нақышына келтіріп орындаған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды. Өткізгендер: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері — А.Умитбекова, Ж.Жангаскина.\