27 қаңтар күні №28 мектеп-лицейінде 7-сынып оқушыларына арналған «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Қауіпсіз маршрут» интерактивті ойыны өтті. Іс-шараға төтенше жағдайлар басқармасының және патрульдік полиция қызметкерлері қатысты.
Оқушылар «Жол қозғалысы ережелері», «Интернеттегі қауіпсіздік», «Баланың құқықтары мен міндеттері», «Өрт қауіпсіздігі» атты тақырыптық бекеттерден өтіп, тапсырмаларды орындау арқылы қауіпсіз мінез-құлықтың маңызды ережелерін бекітті.
Ойын танымдық әрі белсенді атмосферада өтіп, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.