«Пікірталас заманауи сабақтың бір түрі ретінде» атты әдістемелік семинар өтті.
Тарих пәні мұғалімдері Әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 2023 жылдың 05 қаңтарында мектеп мұғалімдеріне арналған «Пікірталас заманауи сабақтың бір түрі ретінде» атты әдістемелік семинар өтті. Ұйымдастырушылар алға қойған мақсатына жетті. Нәтижесінде семинарға қатысушылар пікірсайыс сияқты жұмыс түрімен танысты, әртүрлі тақырыптардағы пікірсайыстарға қатысушы болуға мүмкіндік алды.



