«Successful teaching – successful pupils» тақырыбында семинар өткізілді.
2023 жылғы 27 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ақпан айындағы жоспарына сәйкес 28 мектеп-лицейінде ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Successful teaching – successful pupils» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты- заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы табысты оқушыны тәрбиелеу және дамыту жүйесін жетілдіру.
Іс-шара шағын теориялық және практикалық бөлімнен тұрды, онда лицей мұғалімдері белгілі бір білім беру технологиясы бойынша жұмыс істеудің тиімді әдісі және түрлерімен бөлісті.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, №28 мектеп-лицейі. Қатысушылар: Астана қаласы мектептерінің 60 ағылшын тілі мұғалімі.




