«Заманауи білім беру технологиялары» атты әдістемелік семинар өткізілді.
2023 жылдың 4 қарашасында биология, химия және география пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі онкүндігі аясында мектеп мұғалімдеріне арналған «Заманауи білім беру технологиялары» атты әдістемелік семинар өткізілді. Әдістемелік бірлестіктің педагогтары қазіргі заман талаптарына сәйкес сабақ барысында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдермен таныстырды. Семинар көптеген оң пікірлерге ие болып, практикалық маңыздылығы да атап өтілді.




