Жеңіс Күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен ұйымдастырылған «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын жазды.
04.05.2023 сағат 11:00-де еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері мамыр мерекелері мен Жеңіс Күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен ұйымдастырылған «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын жазды. Диктантқа қатысқан адам саны-933. Оның ішінде:
оқушылар саны -875, мұғалімдер саны -58.
Бұл өткізілген шара мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге, ұлттық құндылығымызды дәріптеуге зор үлесін қосары сөзсіз.




