«Мен ақынмын, үміт артқан ақ таңға!» тақырыбында әдеби кездесу болды.
2023 жылғы 28 сәуірде республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Құрмет», Қырғызстанның «Достық» ордендерінің иегері, белгілі ақын, драматург, жазушы-жырау, манасшы Баянғали Тоқанұлы Әлімжановтың шығармашылығына арналған «Мен ақынмын, үміт артқан ақ таңға!» тақырыбында әдеби кездесу болды.
Мақсаты — өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, көркем әдебиет оқуға баулу.
Кеш қонақтары —Астана қаласы әкімдігі«Әдістемелік орталығының» редакторы Нұршеков Ерғазы Манапұлы,
Астана қаласы әкімдігі «Әдістемелік орталығының» әдіскері Жұмағали Измаханұлы Ергешбаев, ата-аналар.
Оқушылар ақынның жақында жарық көрген « 400 тәтті тақпақ» жыр кітабынан өлеңдер оқып, айтыстарынан үзінді көрсетті, жазушының қаламынан туған «Достар мен қасқыр» ертегісінен сахналық қойылым қойды. Кеш қонағы Баянғали Тоқанұлы мектеп кітапханасының қорына «Көкжиек алда», «Абылай и его батыры» және т.б. кітаптарын сыйға тартты.





