Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:

Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызының шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өткізілді.

2023 жылғы 08 ақпан күні № 28 мектеп-лицейінде республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ақын, филология ғылымдарының кандидаты,ғалым-зерттеуші, аудармашы, «Тұмар» журналының бас редакторы, «Жыр кітабы», «Самал», «Шерқала» жыр кітаптарының авторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану фа­культетінің доценті, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, Махамбет,Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сый­лықтардың иегері  Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызынның шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өткізілді.

Мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, кітап оқуға деген құштарлықтарын ояту.

Кеш қонақтары: Астана қаласының Білім басқармасы «Жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме» бөлімінің басшысы — Асыл Амангелдіқызы, Астана қаласы Әдістемелік орталығының басшысы-Сындар Мұратқызы, ақын, халықаралық тренер, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері — Баянғали Ғалымжанұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы Сейілбек Асанов қатысты.