Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:

«Ұлы мәртебелі Сабақ: өсудің жаңа нүктелері» атты әдістемелік семинары өткізілді.

2023 жылдың 06 қаңтарында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі онкүндігі аясында мектеп мұғалімдеріне арналған «Ұлы мәртебелі Сабақ: өсудің жаңа нүктелері» атты әдістемелік семинары өткізілді. Заманауи мектеп мұғалімдерге өз талаптарын қояды: оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен жаңа технологияларды қолдану. Осы мақсатта мұғалім заманауи технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруді басшылыққа алуы керек.Семинардың негізгі мақсаты — инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру. Басты назар IT технологияларына аударылды.

ӘБ мұғалімдері түрлі платформалардың жұмысын ұсынды, пайдалану ережелерін түсіндірді, тәжірибелермен бөлісті.  

Атап айтатын болсақ, № 28 мектеп-лицейінің педагогтары оқытудың белсенді әдістерін, жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық  әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану барысында  нәтижелі жетістіктерге жетуде.