Конкурсты комиссия отырысының, 29.02.2024 ж.
Күн тәртібі:
- Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу: ағылшын тілі мұғалімі.
- Шешімі
- Конкурс комиссиясының төрағасы А.Н.Садаускас тыңдалды.
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 90-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымы барлық бос орындарға конкурс өткізеді.
Байқауды ұйымдастыру тәртібіне сәйкес келесі кезеңдер өткізілді:
- 2024 жылдың 12 ақпанында мектеп сайтында және ENBEK.KZ сайтында конкурс туралы хабарландыру жарияланды,
- мектеп бұйрығымен 2024 жылдың 13 ақпанынан 21 ақпанына дейін конкурс өткізу мерзімі анықталды,
- конкурстық комиссияның құрамы анықталды;
- конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар тізімге сәйкес құжаттарды электронды және қағаз түрінде жіберуі қажет.
Ағылшын тілі мұғалімі лауазымына 2 өтініш түсті. Үміткерлер: Ахметова Рысты Ғибадуллақызы, Мағауова Айым Берікқызы.
Құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша комиссия тізімге сәйкес келмейтін құжаттарды анықтады:
кандидат Ахметова Р.Г.- наркологиялық және психикалық денсаулық диспансерінің анықтамаларының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 18 қаңтарда аяқталған, біліктілік санатын ұзарту туралы бұйрығы жоқ, № 16 қосымша (кандидаттың бағалау парағы) ұсынылмаған,
кандидат Мағауова А.Б — бейнебаяны ұсынылмаған.
Шешімі:
— комиссияның құжаттарды қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттарды ұсынуында сәйкессіздіктіанықтап, конкурс жарамсыз деп танылды.
— конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өтетін күні комиссия отырысының нәтижелерін интернет- ресурста жариялау.