Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:

1 сыныпқа қабылдау

1-сыныпқа құжат қабылдау 01.04-31.08.2024 аралығында

сағат  9:00-ден 18:00-ға дейін

(түскі үзіліс: 13:00-14:00)

 жүргізіледі

(сенбі және жексенбі күндерінен басқа)

 1. Онлайн қызметті https://egov.kz, https://sakura24.kz/ru/ порталдарына өтініш беру арқылы алуға болады.

2. Ата-аналар қажетті құжаттарды білім беру ұйымына қағаз нұсқасында тапсырады

 Құжаттар тізімі: 

  1. Баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
  2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. Баланың денсаулығы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);
  4. Денсаулық жағдайы туралы құжат (063/у нысаны);
  5. 3х4 өлшемдегі фотосурет – 2 дана.

 Құжаттар мектептің жаңа ғимаратындағы №104 кабинетте қабылданады

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ақпарат

Бірінші сынып оқушыларына арналған қажет құралдар тізімі:

  1. Мектеп формасы

Түсі астықою көк немесеқара,  үстіашық түсті классикалық үлгіде.

Ұлдар үшін: костюм-шалбар, кеудеше мен пиджакты ауыстырып киюге болады.Шалбардың ұзындығы тобықты жауып тұруы қажет.  Жейдесі ақ түсті, жеңі ұзын,  галстук.

Қыздар үшін:  белдемше, пиджак, жилет,  шалбар – классикалық жәнееркін тігісті,  классикалық блузка.. Қыздарға арналған шалбар еркін тігісті, ұзындығы міндетті түрде  тобықты жауып тұру керек.

Дене шынықтыру сабағына — спорттық форма, ақ футболка және спорттық аяқ киім (кеды, кроссовки).

  1. Ауыстырылатын аяқ-киім – туфли.
  2.  Ауыстыратын аяқ киімді салатын қалта (пакет емес).
  3. Бірінші сынып оқушыларына арналған кеңсе тауарлары:
  • тор дәптер 12 беттік – 10 дана;
  • тар жолдағы 12 беттікдәптер(мүмкіндігінше қиғаш сызығы болса) – 10 дана;
  • дәптерге арналған қаптама (обложки);
  • пенал – 1 дана;
  • көк пастасы бар шарикті қаламдар (қатты жуан да, жіңішке де емес, қосымша әшекейлері жоқ, ұстауға ыңғайлы болу керек)– 2 дана;
  • жай қарындаш – 2 дана;
  • жұмсақ өшіргіш – 2 дана;
  • ағаш сызғыш 30 см – 1 дана;
  • санау таяқшалары – 20 дана;
  • сөмке, рюкзак (сөмкенің арқасы қатты болғаны дұрыс) -1 дана;

5. Көркем еңбекке арналған құралдар:

  • тығыз беттері бар альбом:;
  • түрлі-түсті қарындаштар (12 түс) – 1 қорап;
  • түрлі-түсті қағаз – 1 жинақ;
  • түрлі-түсті картон жиынтығы – 1 жинақ;
  • қарындаш-желім – 1 дана;
  • акварельдібояу(12 түс) – 1 дана.
  • суға арналған құты– 1 дана;
  • ермексаз (балауыздан болса жақсы, қолға жабыспайды). – 1 жинақ;
  • илеуге арналған тақтайша – 1 дана.;
  • ұштары дөңгелек қайшы – 1 дана.

Мектепте оқулықтар ТЕГІН беріледі.