Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «№28 мектеп-лицей» педагогтардың бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
— АӘД бойынша оқытушы-ұйымдастырушы – 1 бірлік;
— Педагог- психолог – 1 бірлік;
Құжаттарды қабылдау: Астана қаласы, А. Петров көшесі 8, «№28 мектеп-лицей», қабылдау бөлімі (501-504)
Конкурс 2025 жылғы 24 маусымнан – 02 шілде аралығында өткізіледі;
Жұмыс кестесі: 09:00-18.00
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген
құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз
түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін
құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған
электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты
мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік
талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын,
сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30
қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны
бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық
бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы
біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән
бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор
немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік
санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English
Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language
Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе
тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос
немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Біліктілік талаптары:
1. Біліктілік санатының болуы, егер жас маман болған жағдайда педагог- тағылымдамашы санатының болуы;
2. Жоғары педагогикалық білім;
3. Әртүрлі сертификаттардың болуы, өзінің қызмет сипатына сәйкес кәсіби жарыстарға қатысуы, өзіне және балаларға арналған семинарларға, олимпиадаларға және жарыстарға қатысуға дайындығы;
4. Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, көпшілдік.