Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «№28 мектеп-лицей» педагогтардың бос лауазымдарына конкурс жариялайды

— Ағылшын тілі пәні мұғалімі (орыс/ қазақ сыныптарда және декреттік демалыстағы мұғалімнің орнына яғни уақытша) 1- бірлік;
— физика пәні мұғалімі (орыс сыныптарда) 1- бірлік;
— тарих пәні мұғалімі (орыс/ қазақ сыныптарда) 1- бірлік;
— биология пәні мұғалімі (орыс/ қазақ сыныптарда және декреттік демалыстағы мұғалімнің орнына яғни уақытша) 1- бірлік;
— химия пәні мұғалімі (орыс сынаптарда) 1- бірлік;
— орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (орыс/ қазақ сыныптарда) 1- бірлік;
— дене шынықтыру пәні мұғалімі (орыс/ қазақ сыныптарда) 1- бірлік;
— көркем еңбек пәні мұғалімі (орыс/ қазақ сыныптарда) 1- бірлік;
— бастауыш сынып мұғалімі (орыс сыныпта)1- бірлік;
— педагог – психолог (орыс/ қазақ сыныптарда) 1- бірлік;
— АӘжТД пәні мұғалімі (орыс/ қазақ сыныптарда) 1- бірлік.

Құжаттарды қабылдау: Құрметті конкурсқа қатысушылар, конкурсқа қатысу электронды түрде жүреді яғни hr-nobd.edu.kz сайтында жүргізіледі, сайттқа ақаулар пайда болып, істемей қалған жағдайда ғана құжаттар қағаз түрінде қабылданады.
Астана қаласы, А. Петров көшесі 8, «№28 мектеп-лицей», қабылдау бөлімі (501-504) немесе 8-778-083-6978- Айым Калмухановна (іс- жүргізуші)
Конкурс 2025 жылғы 22 шілдеден – 31 шілде аралығында өткізіледі;
Жұмыс кестесі: 09:00-18.00

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін және негіз болып табылады.
Мұғалімнің жалпы міндеттері:

1. Оқушыларға сапалы білім беру, тәрбиелеу және дамыту жұмысын жүргізу;
2. Сабақ жоспарын құрып, оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
3. Оқушылардың үлгерімін бақылау, бағалау жұмыстарын жүргізу;
4. Ата-аналармен және әріптестермен тығыз байланыста жұмыс істеу;
5. Білім беру құжаттамасын уақтылы және дұрыс жүргізу;
6. Педагогикалық этиканы сақтау, кәсіби шеберлікті үздіксіз арттыру;
7. Оқушылардың жеке қабілеттерін анықтап, дамытуға жағдай жасау;
8. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау.

Біліктілік талаптар:

1. Жоғары (немесе техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі) педагогикалық білім;
2. Тиісті бейін бойынша педагогикалық қызмет тәжірибесі (қажет болған жағдайда);
3. Қазақстан Республикасының білім беру саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді білу;
4. АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) құралдарын пайдалана білу;
5. Жауапкершілік, тәртіптілік, коммуникативтік қабілет.
6. Оқу орнын жаңа тәмамдаған мамандарда ПББ- тестінің болуы.