Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:
Жаңалықтар

Қалалық «Тілдік орта: отбасы және қоғам» жобасы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мен Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тілдік орта: отбасы және қоғам» атты ортақ жобасының бірінші жартыжылдық есебі бойынша 2026 жылдың 09 қаңтарында мектебімізде «Тілдік орта отбасынан басталады» атты интерактивті тілдік тренинг-шеберлік алаңы өтті.
«Тілдік орта: отбасы және қоғам» жобасының басты мақсаты —баласын қазақ сыныбына оқуға берген қалалық ата-аналарға қазақ тілін жетік үйрету, ал ата-ана баласының мектепте алған білімімен қатар, дүниетанымдық сауатын қазақша ашып, отбасында ана тілінде таза сөйлеуге баулу болса, осыған орай қала мектептерінде қазақ сыныптарының көптеп ашылуына септігін тигізу. №28 мектеп-лицейі де қыркүйек айынан бері жобаны жүзеге асырып келеді. Бүгінгі интерактивті тілдік тренинг-шеберлік алаңының қонақтары:
— Астана қаласы Әдістемелік орталығының басшысы — Дауешова Сындар Мұратқызы;
-Астана қаласының «Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» Тіл саясатын үйлестіру бөлімінің басшысы — Қасқатаева Нұрзила Ғалымжанқызы;
— Астана қаласының «Тілдерді дамыту және архив ісі» басқармасына қарасты «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы — Шеризатов Арман Манарбекұлы;
-Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының әдіскері Маман Жанар Сейдахметқызы. №28 МЛ, №30 МГ жобадағы 1-сынып ата-аналары, 14 мектептің жоба жетекшілері мен оқытушылары болды.
Жоба болашақта ауқымды көлемде жүзеге асып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру ісінде маңызды рөл атқарады деп сенеміз.