Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:
Жаңалықтар

«Оқу мақсаттары арқылы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту» қалалық семинары

2025 жылғы 19 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен № 28 мектеп-лицейінде «Оқу мақсаттары арқылы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту» қалалық семинары өтті.
Мақсаты: мұғалімдердің оқу мақсаттарын нақты айқындау және оларды сабаққа тиімді енгізулері арқылы оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту қабілеттерін жетілдіру, қазақ тілін оқытуды тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсету.
Қатысушылар: Астана қаласы мектептерінің орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.
Семинарда №1, 5, 28,75 мектеп мұғалімдері шебер-сыныптар,ашық сабақтар, әдістемелік идеялар аукционы, практикалық workshop ,TEXT remix форматындағы тренингтер өткізді.
Спикерлер: Ақсұлу Шынболатқызы Құлмағамбетова
Назарбаев Университеті, Әлеуметтік ғылымдар және гуманитария факультеті, «Еуразиялық зерттеулер» бағдарламасының докторанты
Айдар Қалайбердіұлы Балабеков, Назарбаев университеті, Қазақ тілі оқулықтарының авторы, қазақ тілі және түркітану департаментінің оқытушысы
Шынар Дауленовна Халелова, Ә. Кекілбаев атындағы BINOM school лицей- мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, филология магистрі