Филология ғылымдарының докторы, алаштанушы ғалым, Назарбаев Университетінің профессоры Айгүл Серікқызы Ісімақовамен кездесу

Лицейімізде 2025 жылдың 5 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында және «Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына» орай «Міржақып Дулатұлы және азаттық рух» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өткізілді.
Мақсаты: өскелең ұрпаққа азаттық,тәуелсіздік ұғымдарының мәнін түсіндіру, алаш қайраткерлерінің өмір жолы, шығармашылығын, қайраткерлігін насихаттау.
Кешке спикер ретінде филология ғылымдарының докторы, алаштанушы ғалым, Назарбаев Университетінің профессоры Айгүл Серікқызы Ісімақова шақырылды.Оқушылар ғалымның дәрісін тыңдап, Міржақып Дулатұлының отаншылдық сезімін оятатын рухты өлеңдерін оқып, күй тартып, ән айтты,келелі ой түйді. Халқын сүюдің моделін көрсетіп кеткен алаш арысының күреске толы қайреткерлік өмір жолымен кеңінен танысты.