Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:
Жаңалықтар

«Тіл жанашыры-ел жанашыры» тақырыбында лингвист Владислав Тенмен кездесу

Бүгін мектебімізде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің онкүндігі аясында «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, тіл маманы, LINGVA TEN тілдік коучинг орталығының директоры, онлайн қазақ тілі мектебінің негізін қалаушы Владислав Тенмен кездесу өтті. Кездесуге Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Каиркенова Жанар Муслимовна қатысты. Оқушылар қазақ тілін үйренудің жаңа жолдарын меңгеріп,сұхбат құрды. Оқушылар іс-шара барысында Владислав Тен ұсынған заманауи әдістер, жаттығулар мен тілдік коучинг тәсілдерімен танысты, кез келген адам, ұлтына қарамастан, қазақ тілін еркін меңгере алатынына көз жеткізді. Кездесу барысында сұрақтар қойып, пікір білдіру арқылы еркін сөйлесу машығын жетілдірді, қазақ тіліндегі заманауи сөз қолданыстар мен тіркестерді үйренді. Оқушылармен қатар мұғалімдер өзге ұлт өкілдерін оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерімен танысып, тәжірибе алмасты.