28 мектеп-лицейінің ұстаздар қауымына жаңа Конституция нормалары түсіндірілді
Бүгін елордамыздың «Алматы» ауданында орналасқан №28 мектеп-лицейінің ұжымымен «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық штаб өкілдері кездесті.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, құқықтық реформалар, әділеттілік қағидаты және азаматтық қоғамның рөлі туралы түсіндірме берілді.
Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева, қоғам қайраткері Бибігүл Искакова, қалалық мәслихат депутаты Динара Байсеркина, Respublica фракциясының өкілі Рауан Калиев қатысты.
Жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық штабы алдағы уақытта да еңбек ұжымдарымен, білім және мәдениет мекемелерімен, қоғамдық ұйымдармен кездесулер өткізу арқылы Конституциялық өзгерістерді жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.