Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Қаңтар айының қорытындысы бойынша Астана қаласындағы №28 мектеп-лицейінің 6 оқушысы Kundelik.kz платформасы арқылы Halyk Bank-пен бірлескен ынталандыру бағдарламасы аясында әрқайсысы 100 000 теңге көлеміндегі бонусқа ие болды.
Бұл – олардың еңбексүйгіштігінің, жауапкершілігінің және білімге деген белсенді көзқарасының нәтижесі! 📚✨
Оқушыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз және оларға алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа жеңістер мен жоғары нәтижелер тілейміз!
Алға – жаңа белестерге! 🚀
