28, 29, 30 сәуір күндері №28 мектеп-лицейінде «Бір шаңырақ астында» атты жарқын әрі әсерлі фестиваль өтті 🎉
Іс-шара «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында 🇰🇿, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылды 🤝.
Фестивальге 5–7 сынып оқушылары қатысты 👩🎓👨🎓. Оқушылар Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті, дәстүрлері мен салт-дәстүрлерін таныстырды 🌍: әндер шырқалып 🎶, ұлттық билер орындалды 💃🕺, әсем ұлттық киімдер көрсетіліп 👘, қызықты шығармашылық қойылымдар ұсынылды.


