27 сәуірде мектебімізде бірыңғай сынып сағаттары аясында «Бірлік сабақтары» өткізілді. Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, тақырып мазмұны түсінікті әрі қызықты форматта ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат — өскелең ұрпақты патриотизмге, бірлік пен татулыққа тәрбиелеу, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясының маңыздылығын түсіндіру.
