«Балалар әдебиеті –рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында 23 сәуір «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай 5–6 сынып оқушыларымен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Көрмеде түрлі жанрдағы кітаптар ұсынылып, соның ішінде Марсианские хроники, Он бес жасар капитан сияқты қызықты туындылар да орын алды. Сонымен қатар, кітап беттерінен жасалған ерекше қолөнер жұмыстары қойылып, ашық кітаптан жасалған композициялар, гүлдер мен сәндік элементтер арқылы безендірілген көрме оқушылардың назарын ерекше аударды. Бұл көрме кітаптың тек білім көзі ғана емес, шығармашылыққа шабыт беретін құрал екенін көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылар кітаптармен танысып, нақыл сөздер оқып өз пікірлерімен бөлісті. Көрме мазмұнды әрі әсерлі өтіп, оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.