Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:
Тәрбие жұмысы

Көктемнің шуақты мерекесі, жаңару мен жасампаздықтың бастауы, береке мен бірліктің жаршысы, ұлттық мұра мен заманауи стиль үндескен ұлы мереке – Наурыз мейрамы қарсаңында мектебімізде 3–4 сынып оқушылары арасында «Наурыз Fest» атты ерекше фестивальдің салтанатты ашылуы өтті

Фестивальдің басты мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, халқымыздың салт-дәстүрін заманауи форматта таныстыру, көктемнің жаңару мен ізгілікке толы мәнін ұғындыру, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мерекелік шара ерекше атмосферамен басталды. Ұлттық нақыштағы сәнді киім киген оқушылар көктемнің символдарын заманауи үлгіде бейнеледі. Қолдарында қызғалдақ гүлдері, шуақты күн бейнесі, ұлттық аспаптардың көркем суреттері – барлығы бірігіп, табиғаттың жаңаруы мен өмірдің жанданған сәтін әсерлі жеткізді.
Оқушылар қазақ халқының бай мәдениетін таныта отырып, домбыра мен қобыз секілді ұлттық аспаптардың маңызын ерекше ықыласпен көрсетті.
Фестиваль аясында оқушылар викториналық, қызықты сұрақтарға белсенді қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Шараның ашылуы көңілді ойындарға ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Наурыз Fest» фестивалінің ашылуы жарқын эмоцияларға толы болып, әрбір қатысушыға ерекше әсер сыйлады. Бұл мереке заманауи форматта ұйымдастырылған ұлттық рухтың көрінісі ретінде балалардың жүрегінде ұзақ сақталатын әсерлі естелікке айналды.