“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7 «Ғ» сынып оқушылары мектептің кіші қызметкері Шамшырақ апайды шын жүректен құттықтап, ыстық ықыластары мен алғыстарын білдірді
Мектеп тыныштығы мен қауіпсіздігін қадағалап, әр оқушының амандығына жауапкершілікпен қарайтын жанның еңбегін бағалау – үлкен құрметтің белгісі. Оқушылардың бұл ізгі әрекеті олардың бойында сыйластық, жауапкершілік, мейірімділік, еңбекті қадірлеу және адамгершілік сияқты маңызды құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді.