22 қаңтар күні «Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте 8–9 сынып оқушыларына арналған қаржылық қауіпсіздік бойынша «Қаржы сақшысы» атты қызықты ойын өтті 💳🛡️
Ойын барысында оқушылар интерактивті форматта:
🔹 қаржылық алаяқтардан өзін қалай қорғау керектігін
🔹 жеке деректерді не үшін мұқият сақтау қажет екенін
🔹 күнделікті өмірде дұрыс қаржылық шешім қабылдаудың маңызын білді
Қаржылық сауаттылық — қауіпсіз әрі табысты болашаққа бастар маңызды қадам!



