16 ақпанда №28 мектеп-лицейінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 7–11-сынып оқушылары «Дроп» атты қысқаметражды деректі фильмді тамашалады.
Фильм алаяқтық жолмен алынған ақшалай қаражатты дропперлер арқылы аударуға байланысты қылмыстық схемалардың өзекті мәселелеріне арналған.


