Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:
Тәрбие жұмысы

2026 жылғы 19 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің №28 мектеп-лицейінде «Балалар әдебиеті-рухани тәрбие бастауы» атты балалар әдебиетінің онкүндігі аясында балалар ақыны,жазушысы Шолпан Балмановамен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты: Балаларды көркем әдебиетке баулу,қазіргі заманауи ақын, жазушылардың шығармашылығымен тікелей сұхбаттасу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетттерін дамыту.
Кездесу барысында ақынның «Қоңыр аю», «Күшігім», «Қара қарға», «Арыстан», «Ала мысық», «Жазда», «Астана», «Көгершіндер», «Құлыншақ», «Қырманда», «Ана», «Дәрумендер» т.б тақпақтарын балалар жатқа айтып берді. Сонымен қатар экран арқылы жұмбақтарын жасырып ойын ойналды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сұхбаттасты. Ақын балаларға қонақ кәде ретінде 2026 жылға жазған «Жыл келді» өлеңін оқып берді. Өнерлі оқушылар «Туған жер», «Балауса» әндерін айтып кештің сәнін келтірді.