Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:
Тәрбие жұмысы

21 ақпанда №28 мектеп-лицейінде «200 мектеп & балабақша – 4000 әке» атты қар тазалау бойынша экологиялық челлендж өтті 🌿❄️

Іс-шара республикалық Таза Қазақстан акциясы аясында ұйымдастырылып, мектебіміздің ең белсенді, жауапты әкелерін біріктірді.
Таңертеңнен бастап мектеп ауласы ерекше серпінге, шат күлкіге және нағыз командалық рухқа толы болды. Оқушыларымыздың әкелері еңбекқорлықтың, ұйымшылдықтың және балалары білім алып жатқан мектепке деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Бірлескен күш-жігердің арқасында мектеп ауласы қардан тазартылып, оқушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалды. 21 февраля в школе-лицее №28 состоялся экологический челлендж по уборке снега «200 мектеп & балабақша – 4000 әке» 🌿❄️