21 сәуір күні Ұлттық кітап күні қарсаңында мектеп кітапханасында танымдық энциклопедиялық әдебиеттер көрмесі өткізілді
Оқырмандарды ғылым мен білімнің түрлі салаларын қамтитын энциклопедиялармен, анықтамалықтармен және танымдық басылымдармен таныстыруға бағытталған мәдени-ағартушылық іс-шара. Көрменің негізгі мақсаты – оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ізденімпаздыққа баулу және өз бетінше білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрме барысында қатысушыларға әртүрлі тақырыптағы (табиғат, техника, тарих, ғарыш, жануарлар әлемі және т.б.) энциклопедиялық кітаптар ұсынылып, олардың мазмұны мен ерекшеліктері таныстырылды.