Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы ауданы, Алексей Петров көшесі 8

55-15-05/50-15-04

Әлеуметтік желілер:
Тәрбие жұмысы

18 сәуір күні №28 мектеп-лицейінде «Әке – үлгі, әке – өнеге» атты сенбілік өтіп, оқушылар мен олардың әкелерін бір арнаға тоғыстырды

Бұл күні әкелер еңбекқорлық пен жауапкершіліктің нағыз үлгісін көрсетті: балаларымен бірге мектеп ауласын тазалап, ағаш отырғызып, абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.
Жылы атмосфера, бірлескен еңбек пен қолдау бұл күнді ерекше мәнді етті. Осындай шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойында отбасыға, еңбекке және қоршаған ортаға деген құрмет қалыптасады.
Барлық әкелерге белсенді қатысқандары және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз! 💚